БЕУ ҚҰРБЫМ

САНДЫҚ НОТАҒА ТАПСЫРЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ! АҚЫЛЫ!

Мен отырмын ауылдың ол шетінде,
Сен отырсың ауылдың бұл шетінде,
Беу, құрбым-ай.
Екі ауылдың арасы жол болмақшы,
Екі ауылдың жастары ел болмақшы, Беу, құрбым-ай.

Қайырмасы:
Ей, жолдастар жол болсын,
Дастарханың мол болсын,
Бізден тілек сол болсын,
Сапарларың оң болсын.
Қуанышты көңілге,
Шаттық тілеп өмірге,
Азаймасын той-думан,
Қазағымның төрінде.

Мен айтайын өлеңнің қайырмасын,
Одан басқа ән білсем бұйырмасын,
Беу, құрбым-ай.
Ән білмеймін дегенім әзіл сөз ғой
Ән мен жырдан құдайым, айырмасын, Беу, құрбым-ай.

Қайырмасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *