ҚАЗАҒЫМНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІ АЙ

Қайта оралды қазағыма бүгін дәстүрлері-ай.
Көптен күткен халкымыздың асығып арман еді-ай
Берекели қазақ жері – ел мерекелі
Дәстүрлерін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі.

Шілдехана, бесік той,
Тұсау кесер, сүндет той,
Ай, шіркін ай.
Құда түсіп, сырға салу,
Беташарым-ай.
Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен,
Қызбозбала кеңдаланы
Әнімен елітіп тербеткен

Ер жігітке жарасады озып шықса бәйгеден,
Қыз балаға жарасады алқа шашбау сәукеле.
Жоғалмасын дәстүріміз, ұмытылмасын,
Ата-баба көзиндей қылып сактайык қазақ дәстүрін.

ӘГИГАЙ Халық әні

Ай болмаса аспанда адасады ай
Көтермесең көңілді кір басады əгигəй.Əгйгəй маңмаңгерім ай.
Жақсылардың көңілін алтын сандық ай
Кілт болмаса сандықты кім ашады əгйгəй əгигəй маңмаңгерім ай.
Қайырмасы:
Əгигəй əгигəй əгигəй
Сен болмасаң əгигей арман белім ай.
Сен болмасаң əгигəй маңмаңгерім ай.

Қарайғанға қараймын қабанба деп ой,
Қамшылаймын атымды шабамынба деп əгигəй.əгигəй маңмаңгерім ай.
Өткенненде сұраймын кеткенненде ай.
Ауыл аймақ ағайын аман ба деп əгигəй əгигəй маңмаңгерім ай.
Қайырмасы:

БЕУ ҚҰРБЫМ

САНДЫҚ НОТАҒА ТАПСЫРЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ! АҚЫЛЫ!

Мен отырмын ауылдың ол шетінде,
Сен отырсың ауылдың бұл шетінде,
Беу, құрбым-ай.
Екі ауылдың арасы жол болмақшы,
Екі ауылдың жастары ел болмақшы, Беу, құрбым-ай.

Қайырмасы:
Ей, жолдастар жол болсын,
Дастарханың мол болсын,
Бізден тілек сол болсын,
Сапарларың оң болсын.
Қуанышты көңілге,
Шаттық тілеп өмірге,
Азаймасын той-думан,
Қазағымның төрінде.

Мен айтайын өлеңнің қайырмасын,
Одан басқа ән білсем бұйырмасын,
Беу, құрбым-ай.
Ән білмеймін дегенім әзіл сөз ғой
Ән мен жырдан құдайым, айырмасын, Беу, құрбым-ай.

Қайырмасы.

БІР ДОСЫҢ КЕРЕК ЕКЕН

САНДЫҚ НОТАҒА ТАПСЫРЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ!
СОФТ САТЫП АЛСАҢЫЗДАР КАНАЛҒА САЛҒАНЫМНЫҢ НОТАЛАРЫН ПРИНТЕР АРҚЫЛЫ ҚАҒАЗҒА ШЫҒАРУГА БОЛАДЫ!!!

Жабығып қалғанымда,
Таусылып талғамымда,
Арылып ауыр мұңнан
Бір сәтке алдануға.

Қайырмасы:
Қасымда бір болатын,
Жасысам сынға алатын,
Жапанда жаяу қалсам,
Аямас мінген атын.
Көңілге нұр беретін,
Өмірге бір келетін,
Не көрсе бір көретін,
Бір досым керек екен.

Жалғыздық батқанында,
Атпай бір ақ таңымда,
Көңілім тұманданып,
Құлазып жатқанында,

Қайырмасы.

Шаттығым кернегенде,
Елге дес бермегенде,
Шарықтап сөйлегенде,
Қолыңды сермегенде.

Қайырмасы.

ДОСТЫҚ

Күйді, әнді нотаға түсіруге, сандық нота теруге тапсырыс беруге болады!!! АҚЫЛЫ!!!

Дариға домбырамды берші маған

Дариға, домбырамды берші маған,
Жаныма келші, жарым, келші, балам!
Бейуақ, іңірдегі көңіліме
Күй болып күңіреніп енші, далам.
Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұрам, сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім.
Домбырам, досым менің күй аңсаған,
Өзімді, өмірімді қиям саған.
Шағымда шабыттанған, қиялдаған
Шапағың бар шаттығын құяр маған.
Өсірген өнерімді Қызыр бабам,
Үніңнен айналайын бұзылмаған!
Киелі пернеңе бір қол соқпасам,
Ішегің жетімсіреп ызыңдаған.
Ерке назым менің де, сазым менің,
Шыбынсыз, шуақ шашқан жазым ба едің?
Дариға, домбырамды берші маған,
Айналып ұшсын аққу-қазым менің!