ЖЫЛҚЫ ІШІНДЕ АЛА ЖҮР

Асау кер ат жүрмейді асыққанда,
Еркін даусым келмейді қарлыққанда.
Асау кер ат бойында мін болар ма,
Сұлу қызға тағатын сын болар ма!

Жылқы ішінде ала жүр,
Тай секілді, ай-угай.
Оны қуып бала жүр,
Ай секілді ай-угай.

Ат байладым ақ үйдің кермесіне,
Көз салмадым біреудің бермесіне.
Ат байладым ақ үйдің белбеуіне,
Шашақ төгер кербез қыз белбеуіне.

Жылқы ішінде ала жүр,
Тай секілді, ай-угай.
Оны қуып бала жүр,
Ай секілді ай-угай.

Сәуле беріп түндегі туған айдай,
Асыр салған өрісте құлын-тайдай.
Той-думанды, мереке болған жерде
Қыз-бозбала жиылып, ән шырқайды-ай.

Жылқы ішінде ала жүр,
Тай секілді, ай-угай.
Оны қуып бала жүр,
Ай секілді ай-угай.

КЕЛ ЖАТАЙЫҚ, ТӨСЕК САЛ

Бірде Мырза бір той үстінде Жем бойының атақты сұлтаны Байсарының домбырашылығымен төңіррегіне даңқы шыққан Мамық қызымен күй тартысып қалса керек. Алқақотан топта өнер бәсекесіне түскен қос күйші бірін-бірі жеңе алмай көп отырады. Мырза шеберлігіне бас ұрған Мамық қыз оған тағы да бірер күй тартқызып өнеріне ризашылық білдіреді. Ұзаққа созылған күй бәсекесінен аздап қалжырағанкүйші үй иесіне арнап тағы да бір күй шығарып, тыңдаушы топты таң қалдырады. «Бұл күйдің аты не?» -деген қыз сұрағына күйші: «Екеуміз күй тартысып отырып қалыппыз, жұрт дем алсын, біз де дем алайық, үй иесі төсек салсын, ал әлгі күйімнің аты «Кел жатайық, төсек сал», – болсын дейді. Әрине күй мазмұны қатар өскен құрбыларға жарасымды әзіл-қалжыңға құрылған.

СЕН МАҒАН МАССЫҢ

Бұл шахарда бір сұлу бар
Еш теңі жоқ ерке гүл бар
Сөздер айтсаң сол сұлуға
Маған қарап күлім қағар

Сен менің жүрегімді иелеп алған
Сен маған массың сен маған массың
Қап-қара көздер айтылды сөздер.
Жүрегіңді ашсаң жүрегіңді

Сен менің жүрегімді иелеп алған
Сен маған массың сен маған массың
Қап-қара көздер айтылды сөздер.
Жүрегіңді ашсаң жүрегіңді

Қол жетпейтін айтар сөзің
Алып берем айды өзім
Армандарың көп соншама
Алдағанда күлдір көзің

Сен менің жүрегімді иелеп алған
Сен маған массың сен маған массың
Қап-қара көздер айтылды сөздер
Жүрегіңді ашсаң жүрегіңді

Сен менің жүрегімді иелеп алған
Сен маған массың сен маған массың
Қап-қара көздер айтылды сөздер.
Жүрегіңді ашсаң жүрегіңді

Сен менің жүрегімді иелеп алған
Сен маған массың сен маған массың
Қап-қара көздер айтылды сөздер.
Жүрегіңді ашсаң жүрегіңді

Сен менің жүрегімді иелеп алған
Сен маған массың сен маған массың
Қап-қара көздер айтылды сөздер.
Жүрегіңді ашсаң жүрегіңді