Ризамын
Сөзі : Базарбай Оспанов.
Әні : Бекжігіт Сердәлі.
Әжетайым, қандырып құмарыңды,
Еркелеттiң, жан ата, ұланыңды.
Өздерiңе арнадым бұл әнiмдi, шiркiн,
Қамқорым, шаттығым, бақ гүлiм – даналарым.
Қайырмасы:
Ризамын аялы пейiлiңе,
Ризамын тым ыстық мейiрiмге,
Ризамын ұлағат, зейiнiңе,
Қамқорым, шаттығым, бақ гүлiм – аталарым,
Қамқорым, шаттығым, бақ гүлiм – әжелерiм.
Ыстық маған, әкешiм, алақаның,
Апатайым, ер жеттi балапаның.
Биiк болды ұлыңмен ақ отауың, шiркiн,
Нұрлы өмiр сыйлаған сыйлы адам – даналарым.
Қайырмасы:
Ризамын әкешiм – сүйенiшiм,
Ризамын анашым – киелiмсiң,
Ризамын, перзентiң сүйедi шын,
Нұрлы өмiр сыйлаған сыйлы адам – әкелерiм,
Нұрлы өмiр сыйлаған сыйлы адам – аналарым.
Аңқылдаған ағатай, жеңгелерiм,
Әпке, iнiм – бауырым сендер едiң.
Сағынышпен сарғайып мен келемiн, шiркiн,
Тiлектес, бауырлас, ауылдас ағайындар.
Қайырмасы:
Ризамын тел өскен бауырыма,
Ризамын ағайын, ауылыма.
Ризамын ақ пейiл қауымыма,
Тiлектес, бауырлас, ауылдас ағайындар,
Тiлектес, бауырлас, ауылдас ағайындар