КЕЛ ЖАТАЙЫҚ, ТӨСЕК САЛ

Бірде Мырза бір той үстінде Жем бойының атақты сұлтаны Байсарының домбырашылығымен төңіррегіне даңқы шыққан Мамық қызымен күй тартысып қалса керек. Алқақотан топта өнер бәсекесіне түскен қос күйші бірін-бірі жеңе алмай көп отырады. Мырза шеберлігіне бас ұрған Мамық қыз оған тағы да бірер күй тартқызып өнеріне ризашылық білдіреді. Ұзаққа созылған күй бәсекесінен аздап қалжырағанкүйші үй иесіне арнап тағы да бір күй шығарып, тыңдаушы топты таң қалдырады. «Бұл күйдің аты не?» -деген қыз сұрағына күйші: «Екеуміз күй тартысып отырып қалыппыз, жұрт дем алсын, біз де дем алайық, үй иесі төсек салсын, ал әлгі күйімнің аты «Кел жатайық, төсек сал», – болсын дейді. Әрине күй мазмұны қатар өскен құрбыларға жарасымды әзіл-қалжыңға құрылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *