Алшаңдап басады, алаштың баласы,
Өз елі, өз жері, қалдырған бабасы.
Бір түйір топырақ, бір тамшы қара су,
Қазаққа ғана тән, қазақтың даласы.
Балақтың биттерін басына қаптатпай,
Көршінің иттерін есіктен аттатпай.
Қолына қамшы алып, әлемге жар салып,
Қазақтар жүреді намысын таптатпай!
Ұл болсаң қолыңда, құл болсаң төбеңде,
Ойнайды дүр қамшы рухыңнан бөгелме!
Кеудеңді керіп жүр, ескі жау ел болмас,
Қазақ боп туғансың, қазақ бол өлерде.
Жат тілде сөйлейді, жарымыжан әлсіздер,
Жат дінде мүлгиді, жамау бет жансыздар.
Құлдығын еске алып, қамшыдан қорқады,
Тексізден тараған қарабет қансыздар!
Түркіге топталып, қас сақ боп жүргенбіз,
Түндерде – айданбыз, жарықта – күнненбіз.
Енді ешкім есірмес, есірсе кешірмес,
Тәуелсіз Отанда ержеткен ұл мен қыз.
Ұл болсаң қолыңда, құл болсаң төбеңде,
Ойнайды дүр қамшы рухыңнан бөгелме!
Кеудеңді керіп жүр, ескі жау ел болмас,
Қазақ боп туғансың, Қазақ бол өлерде.
Біздің Ел, Біздің Жер, Біз – Қожа, Біз – Көсем,
Бізді көр пәниден жұмақ жер іздесең.
Сыйласаң Қазақты сиясың ортаға,
Көзіңді ашып жүр, біліп ал білмесең.
Астында тұлпары, көгінде сұңқары,
Алаш деп ұрандар алты жас ұрпағы.
Сенгені бір Алла, қолында дүр қамшы,
Боламыз біз ертең әлемнің сұлтаны!