ДОСЫМ

Досым
Жаныма адал менің
Досым
Тағдырда табам дедім
Досым
Арналсын жүрек әндерім
Саған менің
Досым
Мен үшін жанашырдай
Досым
Бір үйдің баласындай
Досым
Сыйласып өтейікші біз
Дәл осылай

Қайырмасы:
Өлшеулі өмір дейтін мынау майдандарда
Қосады дейді біздей досты пайғамбар да
Сен аман бол сен аман бол
Жанымнан ажырамай жүр менің досым

Досым
Ешқашан бөлінбейтін
Досым
Бір нанды бөліп жейтін
Досым
Сынақта еңсең түспесін
Өмір дейтін
Досым
Көрмесе сағынатын
Досым
Жаныма жаны жақын
Досым
Мұңайсам лезде қасымнан
Табылатын

Қайырмасы:
Өлшеулі өмір дейтін мынау майдандарда
Қосады дейді біздей досты пайғамбар да
Сен аман бол сен аман бол
Жанымнан ажырамай жүр менің досым

Досым
Түсіріп бұралаңға
Досым
Мені өмір сынағанда
Досым
Сенбеймін өзіңнен басқа
Бір адамға
Досым
Дос деген адамға бақ
Досым
Бітірдің маған қанат
Досым
Таниды мені де бәрі
Саған қарап

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *