Ақ жаңбырлар
Әні: С. Жанпейісова
Сөзі: Т. Айбергенов
Ақ самалдар аңқыған ақ самалдар,
Ақ самалдар ақша бұлт, ақша қарлар.
Тырна даусын шақырып, омырауымнан,
Ойнақ салып барасың пәтшағарлар.
Ақ самалдар, аңқыған ақ жаңбырлар,
Ақ жаңбырлар толқыған тоғжан қырлар.
Ей, ақ жаңбырлар.
Менің қара сабаудай кірпігімнен,
Сатырлатып сапырдың маржан қыруар.
Ей, ақ жаңбырлар.
Жүрегімнен бұзылып сеңдер еріп,
Мен келемін кеудемді селге беріп.
Қай жаққа барасың сен қайран аспан,
Ақ қайың боп төбемде дөңгеленіп.
Құй, бұрқылда! Құмарым жан сыңғырым,
Жаратылыс қауызын жарсын қырдың.
Ей, ақ жаңбырлар.
Қарсы алдымнан қапыда теріс борап,
Қазір мені көк терге малшындырдың.
Ей, ақ жаңбырлар.
Еніп ек-ау өмірге ерке біздер,
Қанша қырда қалмады тентек іздер.
Жаңбыр кешіп қап кеткен он сегіздер,
Мен өлердей сағындым сенсеңіздер
Ей, аяулы он сегіздер!
Ақ самалдар, аңқыған ақ жаңбырлар,
Ақ жаңбырлар толқыған тоғжан қырлар.
Ей, ақ жаңбырлар.
Менің қара сабаудай кірпігімнен,
Сатырлатып сапырдың маржан қыруар.
Ей, ақ жаңбырлар.
