КӨКШЕҢГЕЛ

Файзолла достым аса кымбатты,
Мұң менен азап жаныма батты.
Өтпелі дәуір өкініш уы,
Асау өзендей толқыны қатты.

Өзіңе аян өмірім ісім,
Көрдімғой бейнет туған ел үшін.
Жабылған нақақ жаланы ойласам,
Өзегім күйіп өртенеді ішім.

Ой соқты болып каттығой басым,
Көзімнен көл боп ақтығой жасым.
Сергелдең кешіп сарғайып санап,
Төбемнен тура түстіғой жасын.

Көбейген шақта сақалдың ағы,
Кетті ғой тайып ағаңның бағы.
Темір құрсаулы түрмеге мынау,
Төртінші рет мен камалдып тағы.

Ана сүтімен ақындық дарып,
Жыр жазып едім отырмын налып.
Халық жауы боп касірет шеккен,
Бүгінгі енді менде бір ғаріп.

Дамылдап бір сәт таба алмай тағат,
Кеттім ау япыр ау кай жерден ағат.
Түсесің ойға иірде жиыр,
Елестеп көзге мақсат пен мұрат.

Жегенім желім ішкенім ірің,
Түсінер түбі халқым бір пірім.
Басты кінә боп тағылды ау маған,
Сүйгенім үшін ұлтымның тілін.

Болама сұмдық дәл мұнан өткен,
Сталин заңы шықты ғой шектен.
Жауапты орында безбүйрек жандар,
Аяуды білмес мейірімсіз неткен.

Тегінде бәрін алғанғой таңдап,
Қол қойдырады азаптап зорлап.
Сенбейді айтқан сөзіңе адал,
Мазақ қылады табалап қорлап.

Ильич кетті тым ерте сөніп,
Жаңа заманды орнатып беріп.
Бүгінгі мынау ойранды ой хой,
Оралып қайта көрсе ғой келіп.

Көрсе ғой шіркін Ильиятың өзі,
Тартылар еді әр істің тезі.
Тұнжырап турған мұртты көсем,
Қылды ғой әбден халықты мезі.

Серпіліп сонда ашылар тұман,
Тыйылар жөнсіз күдікпен күмән.
Кесапат күндер келмеске кетіп,
Туады анық нұрлы бір заман.

Жасымда мынау алпыстан асқан,
Нұр тайып беттен ажарым қашқан.
Отырмын мең зең айыпқа батып,
Туған халқыма атанып дұшпан.

Сырқырап жан тән, сыздайды жүрек,
Еленбей әсте елге еткен еңбек.
Еңсеңді басып , есіңді алған,
Ашылар қашан бұл қара түнек.

Соңымнан ерген қуатты бір лек,
Үркердей шоғыр келеатқан түйнек.
Міржақып Сәкен Мағжан мен Мұхтар,
Болса екен аман деп тілейм тілек.

Атырап таңды батырам күнді,
Бар шығар жандар менен де мұңды.
Қаншама азап берседе жанға,
Мойындамадым тағылған мінді.

Сезеді жүрек ажалым жақын,
Өлмейді босқа азамат ақын.
Өзіңе достым аманат жырым,
Бұл жазған тегі ең соңғы хатым.

Отанға сенем , халқыма сенем,
Айтыңдар менен ұрпаққа сәлем.
Жеткізер түбі еліме байтақ,
Атымды менің ақсұңқар өлең.

Ауысар ұрпак , алмасар жылдар,
Уақыт пен біздің жалғасар жырлар.
Жоярма құнын елге еткен еңбек,
Егерде ұрпақ табылса сынар.

Таңбаған бір сәт сүйүден елін,
Садуақасов Смағұл марқұм.
Галащёкинмен Сталин бізді,
Тұйыққа тіреп деп өтті әр күн.

Ұғама айтшы ғалымды надан,
Қажытты бізді қаншеңгел заман.
Жатырмын тілеп Бейімбет Сакен,
Мағжан мен Мұхтар болса деп аман.

Шәкәрім ағам , Жүсіпбек інім,
Біреуі айым біреуі күнім.
Секілді еді ау. Опат болп кетті,
Сүюден танбай халқы мен елін.

Ұстаймын менде солардың жолын,
Ажал мен апат оңым мен солым.
Қатем болса егер , кешіре гөр елім,
Меніңде енді күткенім өлім.

Өлсемде шіркін Алаш деп өлем,
Қойнына жерлің Алаш деп енем.
Елу жыл бәлкім бір ғасыр өтер,
Алдыңа сонда Алаш деп келем.

Сағынтты мені сүйікті мекен,
Түсіме кірді апам мен көкем.
18 жылға сотталған еді ау,
Патшаға қарсы күрескен әкем.

Мерзімін өтеп қайтқанда елге,
Қарсы алдық шығып жазира белге.
Ак көлім саған жеттімбе шын деп,
Топырақты сүйді ау жата ғап жерге.

Меніде шырмап сағыныш сондай,
Ақ көлді ойлап құмарым қанбай.
Отырмын достым ертеңгі маған,
Сыйлайды екен тағдырды кандай.

Ақ көлде шіркін көзімді жұмсам,
Бір төмпешік боп сол жерде қалсам.
Арманым жоккой кабірім сонда,
Аймалап тұрсам ай қара жусан.

Қазақ емеспіз ежелден қырғыз,
Аталып солай жазылған елміз.
Сен келіп оны қазақ деп жаздың,
Дейсің оқуды қазақша жүргіз.

Халықпыз күншіл , бірлігі осал,
Білімсіз , ойсыз , тірлігі нашар.
Ру ру боп шуылдап жүрміз,
Ұлт болмасақ біз береке қашар.

Ойладың жаулық советке әр күн,
Мысалдар жазып дүркін де дүркін.
Әліппе жасап тіл құрап қылдың,
Зорлап кіргізіп арабтың ғарпін.

Бітеді ертең дәм менен тұзың,
Бүгіннен бастап тірліктен бездің.
Орысқа үйлендің себебін айтсақ,
Жек көресің сен қазақтың қызын.

Өтірік деп айтшы осының бәрін,
Болмайды енді қулығың дәрі.
Халық жауысың бетін бояған,
Өмір сүрмейсің сен мұнан әрі.

Осылай деп бір қанқұйлы қазақ,
Басыма менің төндірді тозақ.
Дедім мен оған білгеніңді істе,
Сендерге енді бола алман мазақ.

Сүрдік қой өмір қолайсыз шақта,
Тасталдық жанған қып қызыл шоққа.
Бір кезде саған аманат кылған,
Мұрамды жеткіз келер ұрпаққа.

Сенемін достым өлген мен өзім,
Ұрпаққа жетім өлмейді сөзім.
Ақиқат таңы атады аның,
Осыған менің жетеді көзім.

АЗАТ

САНДЫҚ НОТАҒА ТАПСЫРЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ! АҚЫЛЫ!

АҚ ЖАҢБЫРЛАР

Ақ жаңбырлар

Әні: С. Жанпейісова
Сөзі: Т. Айбергенов

Ақ самалдар аңқыған ақ самалдар,
Ақ самалдар ақша бұлт, ақша қарлар.
Тырна даусын шақырып, омырауымнан,
Ойнақ салып барасың пәтшағарлар.

Ақ самалдар, аңқыған ақ жаңбырлар,
Ақ жаңбырлар толқыған тоғжан қырлар.
Ей, ақ жаңбырлар.
Менің қара сабаудай кірпігімнен,
Сатырлатып сапырдың маржан қыруар.
Ей, ақ жаңбырлар.

Жүрегімнен бұзылып сеңдер еріп,
Мен келемін кеудемді селге беріп.
Қай жаққа барасың сен қайран аспан,
Ақ қайың боп төбемде дөңгеленіп.

Құй, бұрқылда! Құмарым жан сыңғырым,
Жаратылыс қауызын жарсын қырдың.
Ей, ақ жаңбырлар.
Қарсы алдымнан қапыда теріс борап,
Қазір мені көк терге малшындырдың.
Ей, ақ жаңбырлар.

Еніп ек-ау өмірге ерке біздер,
Қанша қырда қалмады тентек іздер.
Жаңбыр кешіп қап кеткен он сегіздер,
Мен өлердей сағындым сенсеңіздер
Ей, аяулы он сегіздер!

Ақ самалдар, аңқыған ақ жаңбырлар,
Ақ жаңбырлар толқыған тоғжан қырлар.
Ей, ақ жаңбырлар.
Менің қара сабаудай кірпігімнен,
Сатырлатып сапырдың маржан қыруар.
Ей, ақ жаңбырлар.

ШОКОЛАДКА ЧИКИТА

Засверкали звёзды ярко, лепестками розы сладкой
Между нами ночь загадка, назову тебя — Шоколадкой
Ты играешь Шоколадка, чики та чики чики чики та
Мной играешь Шоколадка, чики та чики чики чики та
Но не знаешь Шоколадка, чики та чики чики чики та
Что расстаешь Шоколадка, чики та чики чики чики та
Мы пылали, мы горели, а в бокале блики пели
Мотыльками дни летели, ветер нас качал в колыбели
Ты играешь Шоколадка, чики та чики чики чики та
Мной играешь Шоколадка, чики та чики чики чики та
Но не знаешь Шоколадка, чики та чики чики чики та
Что расстаешь Шоколадка, чики та чики чики чики та
Ты играешь Шоколадка, чики та чики чики чики та
Мной играешь Шоколадка, чики та чики чики чики та
Но не знаешь Шоколадка, чики та чики чики чики та
Что расстаешь Шоколадка, чики та чики чики чики та
Ты играешь Шоколадка, чики та чики чики чики та
Мной играешь Шоколадка, чики та чики чики чики та
Но не знаешь Шоколадка, чики та чики чики чики та
Что расстаешь Шоколадка, чики та чики чики чики та
Ты играешь Шоколадка, чики та чики чики чики та
Мной играешь Шоколадка, чики та чики чики чики та
Но не знаешь Шоколадка, чики та чики чики чики та
Что расстаешь Шоколадка, чики та чики чики чики та
Ты играешь Шоколадка, чики та чики чики чики та
Мной играешь Шоколадка, чики та чики чики чики та
Но не знаешь Шоколадка, чики та чики чики чики та
Что расстаешь Шоколадка, чики та чики чики чики та

БАТЫРЛАР ҰРАНЫ

Алашұлы тобы Батырлар жыры

Өзгелерден дара туған
Өр намыстан жаратылған
Ооооооооо ооооу
Баласының батырлыгы
Қанмен бойга таратылған
Оооооо ооооооу
Алатаудай алашымнын
Қаратаудай баласымыыыын

Қ-сы
Қастерлі алашымнын
Қорғаймын бар асылын
Намысын қолдан бермеееес
Қазақтың баласыымыын

Сон білекпен Ер жүрекпен
Намыс туын желбіреткен
Ооооооо оооу
Белдескеннің белін үзіп
Еңескенін еңіреткен
Ооооо оооооу
Алатаудай алашымнын
Қайтпас қайсар баласымын

Қ-сы

УГӘЙ ӘЙ

Қуан жүрек көңілім,
Сайра тілім, сайра тілім,
Мөлдір бұлақ суындай,
Төгіл жырым угәй әй, угәй угәй әй угәй.

Томылжытып таңдарым,
Өнер етіп, өнер етіп,
Сөзін жазған осы әнге,
Жамбыл қартың угәй әй, угәй угәй әй угәй.

Елім жаңа жыл жаңа,
Жерім жаңа, жерім жаңа,
Көгереді гулденіп
Тау мен дала угәй әй, угәй угәй әй угәй.

Құйқылжытып шырқатып,
Аспан қатқан, аспан қатқан,
Қуанышпен бұл әнге
Ерші дала угәй әй угуәй, угәй әй угәй.

Угәй угәй угәй угәй әй угай
Жамбыл салған ән еді ай!

АШ, АШ

Жүрегіңнің есігін қағып тұрмын аш аш
Бір ауыз сөз айтайын ашуыңды бас бас
Жүрегіңнің есігін қағып тұрмын аш аш
Бір ауыз сөз айтайын ашуыңды бас бас
Сағынып қалсын дейсіңбе, зарығып қалсын дейсіңбе?
Қамығып қалсын дейсіңбе, жабығып қалсын дейсіңбе?
Әлде менің жүрегімді ауырып қалсын дейсіңбе?
Жүрегіңнің есігін қағып тұрмын аш аш
Бір ауыз сөз айтайын ашуыңды бас бас
Төгілмесін моншақ боп көздеріңнен жас жас
Артық көрем мен сені өзге гүлден рас рас
Көп күттім ай күттім мен Махаббатпа күттірген
Білмедім ұтылдым не ұттым мен
Мендей қандай бар кінә, бағалай біл барды да
Мен тағыда кеп тұрын жүрегіңнің алдына
Жүрегіңнің есігін қағып тұрмын аш аш
Бір ауыз сөз айтайын ашуыңды бас бас
Жүрегіңнің есігін қағып тұрмын аш аш
Бір ауыз сөз айтайын ашуыңды бас бас