БАСТАУ Кенен Әзірбаев

БАСТАУ ӨЛЕҢ…

Бас та өлең, ойда өлең, қырда өлең,

Бір ақын өлсе талай қырылды өлең.

Тұсында әділ заман бағаландым,

Арманда кеткен екен бұрынғы өлең,

Балыққа таяз судан терең оңай,

Ақынға қара сөзден өлең оңай.

Отанға адал қызмет етпесеңіз,

Абырой, атақпенен келе ме оңай.

Ай туса ол да тартар жарығына,

Су ақса ол да тартар арығына.

Аққан тер, адал еңбек жеміс беріп,

Адамды салады өз қалыбына.

ТУҒАН ЖЕР

Туған жер, сай мен сала аймағында,
Ән шырқап қазақ, қырғыз жайлауында.
Салқын су, самал желІ, жұпар аңқып,
Менің де әсер бердің сайрауыма.

Қайырмасы:
Туған жер, туған жер,
Балапан, көбелек қуған жерім-ай!

Туған жер, тайға таңба басқандайсың,
Таныс жер түнде жүрсең жасқанбайсың.
Өрлесең өрге қарай өрмекшідей,
Таңырқап тау басына аспандайсың.

Қайырмасы.

ҚАРАКӨЗ

Тербелді гүлдер далада,
Сүйгенім менің қалада.
Сүйемін сәулем, мен сені,
Басқаны қалама.

Қөңілімде бар түйгенім,
Сенсің, сәулем, сүйгенім.
Көптен күткен жарым менің,
Қаракөз сүйгенім.

Ақ қайың тұрар иіліп,
Тау басында жиылып.
Сүйгенім менің алыста,
Қараймын қиылып.

Қөңілімде бар түйгенім,
Сенсің, сәулем, сүйгенім.
Көптен күткен жарым менің,
Қаракөз сүйгенім.

Елжіреп сүйер жүрегім,
Бақытым сенсің білемін.
Сағынтпа мені, жан сәулем,
Өзіңсің тілегім.

Қөңілімде бар түйгенім,
Сенсің, сәулем, сүйгенім.
Көптен күткен жарым менің,
Қаракөз сүйгенім.

Бауырлар керек

Бұл өмірде ұғындым мен өзіме керекті
Талайда отқа түсіп жараладым жүректі
Мен қандай күйде болсамда
Менен бет бұрмайтын
Шынайы бауырларым қайдасыңдар жүректі
Арманға асықтым сендерден алысқа кетіп
Біреумен алысып жүрмін, біреумен теңдесіп
Біз енді уақыт азын естеліктер келмесін
Үміттеріңді ақтағым келеді ел кезіп

Қайырмасы:
Сіздердей бауырларды қайдан табам жанашыр
Біздерді көріп қатты қуанса екен анашым
Іздеңдер бір біріңді
Сендерге не көрінді
Бәріміз бірге түстік бір құрсаққа таласып

2)
Талайыңды талдырды тар өмірдің тағдыры
Мен үшін ең жақыны бауырлардың барлығы
Мен үшін жан беретін
Ең қымбат жан көретін
Амандығын тілеймін бауырлардың әр күні