МЕН МЕН ЕДІМ, МЕН ЕДІМ

Мен – мен едім, мен едім!
Мен Нарында жүргенде
Еңіреген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім?
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан билердің
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шақыртып,
Сұлтанын суға сұлатып,
Ханшасын қақпа алдында жылатып,
Ернін еттей тесісіп,
Кеңірдегін кесісіп,
Жыраға басын түсіріп,
Жылғадан қанын ағызып,
Басын кессем деп едім!

Еділдің бойы ен тоғай –
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім.
Еңсесі биік ақ орда –
Еріксіз кірсем деп едім.
Керегесін кескілеп,
Отын етсем деп едім.
Туырлығын тескілеп,
Тоқым етсем деп едім.
Тақта отырған хандардың
Төрде отырған ханымын
Қатын етсем деп едім.
Әлдилеген баласын
Жетім етсем деп едім.
Хан сусыны сары бал –
Сұраусыз ішсем деп едім.
Ханның киген кіреуке –
Үстіме кисем деп едім.
Қанікейдей көріктіңді
Қалыңсыз құшсам деп едім.
Тінікейдей тектіңді,
Ителгі көзін төңкертіп,
Күшіктей даусын қыңсытып,
Аш күзендей белін бүгілтіп,
Әділ жаннан түңілтіп,
Ат көтіне үңілтіп,
Артыма салсам деп едім.
Тілекті құдай бермеді –
Өздеріңдей хандарды
Осылай бір қылсам деп едім!

Мен – мен едім, мен едім!
Мен Нарында жүргенде
Еңіреген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Ерегіскен дұшпанға
Қызыл сырлы жебе едім.
Жақсыларға еп едім,
Жамандарға көп едім.
Ерегіскен дұшпанның
Екіталай болғанда
Азыққа етін жеп едім.
Хан баласы ақсүйек –
Ежелден табан аңдысқан
Ата дұшпан сен едің,
Ата жауың мен едім.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Етектен кесіп жең болмас!
Хан баласы ақсүйек –
Байеке сұлтан сен болып,
Сендей нарқоспақтың баласы,
Маған оңаша жерде жолықсаң,
Қайраңнан алған шабақтай
Қия бір соғып ас етсем,
Тамағыма қылқаның кетер демес ем

ЖҮРЕК

Сені көрсем үндемей
Жүрек соғар сыр бермей
Дертіме ем, жаныма дауа
Бүкіл әлем, сен маған ауа

Сені көрсем үндемей
Жүрек соғар сыр бермей
Дертіме ем,жаныма дауа
Бүкіл әлем, сен маған ауа

Жүрек ммммм….
Ақылды тыңдамайды
Бөлек,бөлек жанды қалайды
Өзіңді ойламай бір күн өтсе шіркін
Махаббатқа сыналмай өтерме бір түн?
Өзіңді ойламай бір күн өтсе шіркін
Махаббатқа сыналмай өтерме бір түн?

Сені көрсем үндемей
Жүрек соғар сыр бермей
Дертіме ем , жаныма дауа
Бүкіл әлем, сен маған ауа

Сені көрсем үндемей
Жүрек соғар сыр бермей
Дертіме ем, жаныма дауа
Бүкіл әлем, сен маған ауа
You might also like
THE DINER
Billie Eilish
6:16 in LA
Kendrick Lamar
BIRDS OF A FEATHER
Billie Eilish
Керек емес, мені мазалама
Деп , айтуға шамам баралама?
Жоқ,бұл мен емес
Ойлағанда түршігеді денем
Кулімдесең дем табалмай неден?
Оян,сен тек елес

Бұл мен емес
Сен тек елес
Жаныма дауа
Сен маған ауа

Сен тек елес
Бұл мен емес
Жаныма дауа
Сен маған ауа

Сені көрсем үндемей
Жүрек соғар сыр бермей
Дертіме ем, жаныма дауа
Бүкіл әлем, сен маған ауа..

Сені көрсем үндемей
Жүрек соғар сыр бермей
Дертіме ем, жаныма дауа
Бүкіл әлем , сен маған ауа

ДҮР ҚАМШЫ

Алшаңдап басады, алаштың баласы,
Өз елі, өз жері, қалдырған бабасы.
Бір түйір топырақ, бір тамшы қара су,
Қазаққа ғана тән, қазақтың даласы.

Балақтың биттерін басына қаптатпай,
Көршінің иттерін есіктен аттатпай.
Қолына қамшы алып, әлемге жар салып,
Қазақтар жүреді намысын таптатпай!

Ұл болсаң қолыңда, құл болсаң төбеңде,
Ойнайды дүр қамшы рухыңнан бөгелме!
Кеудеңді керіп жүр, ескі жау ел болмас,
Қазақ боп туғансың, қазақ бол өлерде.

Жат тілде сөйлейді, жарымыжан әлсіздер,
Жат дінде мүлгиді, жамау бет жансыздар.
Құлдығын еске алып, қамшыдан қорқады,
Тексізден тараған қарабет қансыздар!

Түркіге топталып, қас сақ боп жүргенбіз,
Түндерде – айданбыз, жарықта – күнненбіз.
Енді ешкім есірмес, есірсе кешірмес,
Тәуелсіз Отанда ержеткен ұл мен қыз.

Ұл болсаң қолыңда, құл болсаң төбеңде,
Ойнайды дүр қамшы рухыңнан бөгелме!
Кеудеңді керіп жүр, ескі жау ел болмас,
Қазақ боп туғансың, Қазақ бол өлерде.

Біздің Ел, Біздің Жер, Біз – Қожа, Біз – Көсем,
Бізді көр пәниден жұмақ жер іздесең.
Сыйласаң Қазақты сиясың ортаға,
Көзіңді ашып жүр, біліп ал білмесең.

Астында тұлпары, көгінде сұңқары,
Алаш деп ұрандар алты жас ұрпағы.
Сенгені бір Алла, қолында дүр қамшы,
Боламыз біз ертең әлемнің сұлтаны!

ЖОЛЫҚҚАН ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ

Шынайы жүздерменен,
Ең жақсы сөздерменен,
Жарқырап күліп тұрған,
Жайнаған көздерменен,
Жолыққан қандай жақсы.

Жолыққан қандай жақсы,
Жолықсақ қандай жақсы.

Сағынған жүрекпенен,
Ең жақсы тілекпенен,
Құшақтап қатты қысып,
Ең жақсы ниетпенен,
Кездескен қандай жақсы,
Жолыққан қандай жақсы,
Жолықсақ қандай жақсы.

Амандық болсын десіп,
Құшақтар толсын десіп,
Бақ қонып басымызға,
Бақ-дәулет қонсын десіп,
Бар болсақ қандай жақсы,
Бар болған қандай жақсы,
Бар болған қандай жақсы.

Кездесу себеп болып,
Той-думан кенет болып,
Жүздесу қандай жақсы,
Жақындар себеп болып,
Жолыққан қандай жақсы,
Жолыққан қандай жақсы,
Жолықсақ қандай жақсы

РУХ

Сандық нотаға тапсырыс беруге болады! Ақылы!